Басты бет

Мүмкіндігі шектеулі  балаларға мемлекет қамқорлығы шексіз  

Бала тәрбиесі – жауапты іс. 

Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп келген. Тәрбиенің мақсаты пәнді керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысы адамды тәрбиелеу. Қазіргі жас ұрпақтардың –болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін, мінез-құлығын, ақыл-ойын дамыту үшін тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен. 

Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін спорттық секциялар, өнер,  қолөнер  үйірмелері ұйымдастырылған.  

Мүмкіншілігі шектеулі баланың тәрбиесі-дефектологияның негізгі ұғымдарының бірі. Бұл процестің мақсаты мен міндеті жалпы педогогикалық принциптерімен анықталған, яғни, оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейім-
деу,азаматтық қасиеттерін қалыптастыру. 

Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ.  

 Разрыв страницы 

Қаскелең  қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты  

Мектеп –интернат 1973 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мектеп-интернат  үш ғимараттан  тұрады; оқу ғимараты-1,1984 жылы салынған, жатақхана – 2 (1 қабатты ғимарат –бастауыш сынып  оқушыларына арналған, екі қабатты ғимарат –жоғарғы  сынып оқушыларына арналған, ол 50 –ші жылдарда салынған ) 

 

2) Интернаттық мекемедегі оқу және тәрбие жұмыстарының жағдайы  

1)2018-2019 оқу жылында мектеп –интернатта 157 оқушы оқып-тәрбиеленеді. Ата-анасынан қамқорлығынсыз  қалған балалар -4,   жетім балалар жоқ. Оқу жылының басында 15  сынып жинақталды. 

(бастауыш сынып -5, жоғарғы сыныптар -10,  қазақ тілінде оқытылады)  

3) Интернаттық мекемелердегі тәрбие жүйесі   

Тәрбие жұмыстары мына  бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді. 

  • Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие 
  • Рухани-адамгершілік тәрбие 
  • Ұлттық сананы қалыптастыру тәрбиесі 
  • Отбасылық тәрбие 
  • Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие 
  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие 
  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі 
  • Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын ұстану тәрбиесі 

6)Балалардың денсаулығы мен өмірін сақтау  

1)Санитарлық-гигиеналық қызмет 1 дәрігер,4 медбикенің көмегімен көрсетіледі. 

2)Мектеп интернаттық тәрбиенушілері 5 рет тамақтанады. Тамақтану 2 кезеңге бөлінген. Асханада 100 отыратын орын бар. Тамақтың сапасын, дастархан мәзірінің жағдайын диетбике бақылап отырады.  

Жұмағалиева Гүлнара Қайымқызы 

жоғары   санатты  бастауыш сынып   мұғалімі 

Туған  жылы12.09.1971ж. 

Білімі                жоғары 

Білім мекемесі  Бітірген жылы  Факультет   Мамандығы  
Абай атындағы  Алматы мемлекеттік университеті  1997 ж  бастауыш сынып   мұғалімі   бастауыш сынып   мұғалімі 

Еңбек өтілі: 

Педагогикалық  еңбек өтілі      Осы  лауазымдағы жұмыс өтілі  Осы білім беру  ұйымындағы  жұмыс  өтілі   
28  28  27 

Біліктілігін  көтеру туралы мәлімет:   

Курс   Жылы   Тақырыбы     Сағат саны 
«Өрлеу» біліктілікті  арттыру ұлттық орталығы»  2017 ж.  Білім  беру үрдісін тиімді жүргізудегі мұғалімдердің құзыреттілігі  72 

Марапаттары, атағы, ғылыми атағы мен  дәрежесі:  

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасы, Алматы облысының  Білім басқармасының Құрмет Грамотасы, Қаскелең мәдениет колледжінің  Алғыс хаты, Түзеу педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хаты, “Қорғау-Защита” қауымдастығының Құрмет Грамотасы, “Халықаралық әлеуметтік Жобалар ассоциасының ” Алғыс хаты, Қаскелең қаласы әкімінің  алғыс хаты  

Жұмағалиева Гүлнара Қайымқызымектептегі бастауыш сыныпта  бала тәрбиесінің қыры мен сырына жете көңіл бөліп, жас ұрпаққа білім беру саласында  сапалы жұмыс істеп келеді.  Алдына қойған өзекті  мәселесі: «Даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларының  таным белсенділігін арттыру мақсатында сабақта  жаңа әдістерді   пайдалану». 

1997-2004 ж. аралығында  «Әлеуметтік бейімдеу және кәсіби еңбекпен оңалтудың Республикалық ғылыми-өндірістік орталығымен» бірігіп жұмыс істеді. «Математика» алғашқы қазақ тіліндегі оқулықтар  осы мектеп-интернатта  тәжірибеден өткізіліп біріккен авторлығымен оқу әдістемелері құрастырылды: «Математика» (2,3 сынып қазақ тілінде), Жұмыс дәптерлері (№1,№2,№3),  әдістемелік нұсқаулар (1 және 2 сынып оқулығына арналған),  «Математика» (5 сынып орыс тілінде).  

2012 жылы  Алматы облыстық педагогикалық кадрлар  біліктілігін  арттыру институтының курс  тыңдаушыларына семинар  ұйымдастырып, “Инклюзивті  білім берудің әдістемелік мүмкіндіктері” атты  әдістемелік кітабын бірлесе отырып шығарған. 

2015 жылы желтоқсан айында Қарасай  ауданындағы жалпы білім беретін мектептердегі   арнайы мамандарына дамуында ауытқулары бар балаларды оқыту мен  тәрбиелеудегі түзету әдістерін тәжірибе жұмыстары арқылы  дәріптеу және ізденістерді  көрсету мақсатында  «Даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен  жүргізілетін  түзету жұмыстарының  түрлері» тақырыбындасеминар ұйымдастырып, жоғары дәрежеде өткізді. Семинарда «Сөйлеу тілінің бұзылуының клиникалық-педагогикалық классификациясы» атты тақырыбында баяндама жасады. 

Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының курс тыңдаушыларына семинар  ұйымдастырғаны үшін  Алғыс хатымен марапатталды.   

Гүлнара Қайымқызыөз ісіне жауапты, сабақ берудің тиімді әдістерін жетік меңгерген, еңбекқор  мұғалім.  

 

Беккулова  Лаззат  Бокенқызы 

екінші санатты  технология пәнінің  мұғалімі 

Туған  жылы  08.01.1979ж. 

Ұлты     қазақ 

Білімі   жоғары 

Білім мекемесі  Бітірген жылы  Факультет   Мамандығы  
Қазақ мемлекеттік  қыздар педагогика институты     2005ж.  Кәсіптік оқыту және еңбек  Кәсіптік оқыту педагогы, тігін бұйымдарын конструкциялау 

Еңбек өтілі: 

Педагогикалық  еңбек өтілі      Осы  лауазымдағы жұмыс өтілі  Осы білім беру  ұйымындағы  жұмыс  өтілі   
17  1  15 

Біліктілігін  көтеру туралы мәлімет:   

Курс   Жылы   Тақырыбы     Сағат саны 
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы  2017 ж.  Художественное моделирование  и дизайн как основа  формирования  технологической культуры  учителя  72 

  

Марапаттары, атағы, ғылыми атағы мен  дәрежесі:  

Қарасай ауданының білім бөлімінің Құрмет Грамотасы, Қарасай аудандық «Ағартушы» кәсіподақ комитетінің  Құрмет Грамотасы,Ұстаздарға арналған   ғылым-білім интернет  ресурсының Дипломы, Свидетельство, Диплом  «Технологии и образование»,  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының  Грамотасы, Құрмет Грамотасы,Қаскелең қалалық әкімшілігінің  Құрмет Грамотасы, мектепішілік  грамоталар  

Беккулова Лаззат Бокенқызы  педагогикалық  психология негіздерін білетін әр оқушысының  жеке дара ерекшеліктерін зерттеу әдістерін игерген мұғалім. Алдына қойған өзекті  мәселесі: «Оқушылардың  ерекшеліктерін ескере отырып, халықтық педагогикамен  ұштастыра оқыту технологиясы арқылы  оқушыларды өздігінен жұмыс істей  алатын деңгейге жеткізу». Сабақта этнопедагогикалық технологиясын кеңінен қолданып, түрлендіре өткізеді.  

Ұжым арасында  сыйлы мұғалімдердің бірі. Аудандық, Облыс Грамоталарымен марапатталған.